Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды.

Malim Админ

  • 01.10.2024


Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Франция елшісін қабылдады

01.11.2024

Президент бірнеше мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

01.11.2024

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

01.11.2024

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады

31.10.2024

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

31.10.2024

Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

26.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев Франция елшісін қабылдады

Президент бірнеше мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Мемлекет басшысы қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады

Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Онда елдің президентімен, үкімет және парламент төрағасымен кездеспек