Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ жерін мойындамайтын депутат Қарағандыда орыс орталығын ашты

Саясат
Қазақ жерін мойындамайтын депутат Қарағандыда орыс орталығын ашты

Аты шулы Ресей депутатының қоры Қазақстанда «Орыс орталығын» ашты.

«Қазақстан территориясы – Ресейдің берген сыйлығы» деп мәлімдеп, мемлекетаралық дау туғызған РФ мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Никонов басқаратын «Русский мир» қоры Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Орыс орталығын» ашты. Орталықтың ашылуына университет ректоры Нұрлан Дулатбеков пен «Русский мир» қорының атқарушы директоры Владимир Кочин қатысқан.

«Русский мир» қорының Қазақстанда бұдан бөлек Алматы және Ақтөбе қалаларында екі бірдей «Орыс орталығы» бар.

Вячеслав Никонов 2020 жылдың желтоқсанында «Первый канал» телеарнасының эфирінде Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасап, «Қазақстан территориясы Ресей мен Кеңес одағының берген үлкен сыйы» деген.

 «Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- деген. Никонов эфирде.

Кейіннен Никоновты Мемлекеттік думаның өзге депутаттары Владимир Жириновский мен Евгений Федоров қолдап, Қазақстанға қарата арандату сарынындағы мәлімдемелер жасаған. Ресей депутаттарының бұл мәлімдемелерін Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "қысыр сиырдың әңгімесі" деп бағалаған.

Оқи отырыңыз: Қазаққа жерді Ресей сыйға беріпті....

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу