ҚТЖ Атырау филиалының директоры қамауға алынды  

Malim Админ

  • 20.10.2022

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Атырау филиалының директоры қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілуде.  Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.

«Филиал директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, кәсіпкердің 1 500 000 теңге ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. Қазір оған қатысты Атырау қаласының тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдалды», - деді Жахин.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметінде бірқатар проблема бар.  «Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Мәселен, диспетчерлердің, «Қазтеміртранс» филиалы басшылығының өтінімді қарауы, «Қазақстан Темір жолы» АҚ «Жүк тасымалы» филиалына өтінімді жолдауы сияқты маңызды кезеңдер автоматтандырылмай отыр. Тауар кассасы кәсіпкердің өтінімін алғаннан кейін «Қазтеміртранс» диспетчеріне өтінімнің бар екені туралы электрондық пошта арқылы хабарлайды. Кәсіпкерлер бір уақытта өтініш беріп, вагондарды әр кезеңде – бірі сол күні, өзгелері бірнеше күн өткеннен кейін алатын жағдайлар кездескен», - деді Н.Жахин.  

 

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

23.05.2025

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025
MalimBlocks
Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...