Си Цзиньпин Бейжің Қазақстан тұтастығын қорғайтынын екінші рет айтты

Астанада 3-4 шілде күндері Шанхан Ынтымақтастық Ұйымының 24-ші саммиті өтеді. Аталған басқосуға қатысу үшін Астанға ҚХР, Ресей секілді ұйым мүшелерінің басшылары ұшып келді.

Malim Админ

  • 03.07.2024

Қазақстанға алғашқылардың бірі болып табаны тиген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу рәсімінің салтанаты ерекше көзге түсті. Ұзын-сонар көліктер керуені, ҚХР басшысы мінген көлікті қоршаған мотоциклдер қарауылы, төбеде ұшқан тікұшақ, бәрі-бәрі қауіпсіздік мәселесінің қатты қаперге алынғанын байқатты, деп хабарлайды Malim.kz.

3 шілде күні «Ақордада» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып ұшып өтті.

Бүгін түске дейін Тоқаев пен Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда Қ.Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін Си Цзиньпинге ризашылығын білдіргені айтылады. 

«Сіздің сапарыңыздың мән-мағынасы өте зор, ерекше деп айтуға болады. Қытай Халық Республикасы – тату көрші, маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекеттің бірі. Берік достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатыр. Мен мұны үлкен қуанышпен атап өтемін. Сіз Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Мұны жоғары бағалаймыз. Екі елдің ынтымақтастығын халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтеру қажет деген бастамаңызды толық қолдаймын. Бүгінгі басқосуымызды осының айқын дәлелі деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ШЫҰ Қазақстанның төрағалық етуіне қатысты сөзі туралы БАҚ беттерінде де жариялана бастады. Бұл ретте «Известия» басылымы оның сөзінен бірнеше мысалды алға тартты. 

«ШЫҰ-на Қазақстан төрағалық ету барысында бірқатар жұмыстарды атқарып, ұйымның беделін көтерді. Астана мен Бейжіңнің халықаралық және аймақтық істерде ұстанымы ұқсас. Сонымен бірге, әлемдегі бейбітшілік, татулық және дамуға ұмтылады», - деп жазды Си Цзиньпиннің сөзін ресейлік «Известия» басылымы. 

Сондай-ақ ҚХР төрағасының Қазақстан аймақтық тұтастатығына кепіл болатынын мысалға келтірген. «Известия» Си Цзиньпиннің «Бейжің Астананың ұлттық тәуелсіздігі, егемендікті және аумақтық тұтастықты қорғау, дамудың дербес таңдалған жолын ұстану, мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы саясатты іске асыру жөніндегі күш-жігеріне үнемі қолдау білдіретінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, ҚХР сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне кез келген араласуына қарсы», - деген пікірін де жазған. 

Бұл орайда айта кетер жайт, ҚХР басшысы 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Астанаға келген жарты күндік сапары аясында осыған ұқсас сөзді айтқан болатын. Си Цзиньпин сол жолы өз сөзінде «Халықаралық конъюнктура қаншалықты өзгерсе де, біз Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын табанды түрде қолдаймыз, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету бойынша Сіз (Қ.Тоқаев - ред.) жүргізіп жатқан реформаларды берік қолдаймыз, еліңіздің ішкі істеріне қандай да бір күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы боламыз" деген еді Си Цзиньпин.

Ал Қытайдың «Синьхуа» агенттігі де Си Цзиньпиннің Астанаға ресми сапары туралы ақпарат жариялады. Онда ҚХР басшысының ШЫҰ-ның 24-ші саммитіне қатысатыны, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен арада келіссөздер жүргізгені жазылған. 

РИА-Новости агенттігі Путиннің Астанаға келгенін, сарап аясында саммитке бірнеше елдің басшысымен кездесетіні туралы ақпаратты жариялады. 
«В.Путин саммит аясында Астанаға келді. Оның мақсаты - ШЫҰ саммитіне қатысу. Сапар аясында ол ҚХР, Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Моңғолия президенттерімен, Пәкістан премьер-министрімен, Иран Ислам Ислам Республикасы президентінің міндетін атқарушымен кездеседі», - деп жазылған агенттік мәтінінде. 

ШЫҰ-на ұйымына мүше елдер басшыларының қандай мәселе айтатыны белгісіз. Сонымен бірге, бүгін Астанаға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш келгені де мәлім болды. Бас хатшы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне ШЫҰ+форматында өтетін талқылау аясында қатысады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

19.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті