Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

Өскемен қаласының автожолдарындағы шұңқырларда «Ең жақсы өзгеріс - Омардың отставкасы» деп жазылған тақтайшалар пайда бола бастады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 26.05.2022

«Лучшая поправка – Омара отставка» деп жазылған тақтайшаларды кімнің қадап қойғаны белгісіз. Бұл бірнеше жыл бойы қаладағы сапасыз жол мәселесін көтеріп келе жатқан белсенділердің пікірі болуы мүмкін.

Айта кетейік, 2018 жылы Жақсылық Омар Өскемен қаласына әкім болып келген кезден бері қаладағы белсенділер оның отставкасын талап етіп, бірнеше мәрте қарсылық акцияларын өткізіп, 4 жылда 4 рет петицияға қол жинап, әкімді отставкаға жібере алмады. Облыс әкімі Даниал Ахметов 2019 жылы бір рет Жақсылық Омардың жұмысын сынға алған, одан кейін бір-бірін түсініп кеткен секілді. Өскемен тұрғындары соңғы рет осы жылдың 14 сәуірінде өткізген қарсылық акциясы кезінде Омармен қоса, Ахметовтің де отставкасын талап еткен.

11 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық соты Омарға қаладағы автожолдардың қауіпсіз күйде сақталмағаны үшін, дәлірек айтсақ, сол қауіпсіздікті сақтауға тиіс ұйымға бақылау жүргізе алмағаны үшін, 50 АЕК (159 мың теңге) көлемінде айыппұл салған. Әкімнің үстінен арызды Өскемен тұрғыны жазған. Омардың осы айыппұлына қатысты пікір білдірген тікелей басшысы Даниал Ахметов «жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді. Мен Жақсылық Омарға сенемін» деген. Айта кетейік, бұл Жақсылық Омар осы қызметке келгелі бірінші айыппұл емес. Осыған дейін ол карантин кезінде спорт мектебіне маскасыз барғаны үшін 15 АЕК(43 755 теңге) айыппұл төлеген.

Жақсылық Омар көпшілікке бюджет қаражатын текке шашатын әкім ретінде танылған. 2021 жылы қала орталығындағы ағаштарды кесуге рұқсат беруімен қатар, қала әкімі аппаратына 4 жарым миллион теңгеге қаламсап алуға тапсырыс беріп, әкімдік кабинеттерін бөлуге 1 миллион теңге жұмсамақ болғаны талқыланған еді.

Байланысты жаналықтар

Апаттан көз ашпаған Риддер. Монополистерге Смайыловтың да, Ахметовтің де шамасы жетпей ме?   

18.04.2023

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

01.02.2023

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022
MalimBlocks
Апаттан көз ашпаған Риддер. Монополистерге Смайыловтың да, Ахметовтің де шамасы жетпей ме?   

Қаладағы мектептер мен мекемелер жұмысын тоқтатқан

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

Мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.