Түрмедегі Арон Атабек премьер-министр болсам дейді

Malim Админ

  • 31.07.2020

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 18 жылға сотталған Шаңырақ тұтқыны Арон Атабек (Арон Едігеев) ауырып қалды деген ақпарат таратқан еді. Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан бүгін әкесімен телефон арқылы сөйлесіпті. Бұл туралы Айдана Айдархан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айдана Айдарханның жазуынша, әкесімен ол сотталғалы 14 жылда бірінші рет сөйлесіп тұр. "Әкеме телефон тұтқасын бергенде, кіммен сөйлесетінін айтпаса керек. Әкем даусымды естіп қуанып қалды. Менің және  анамның хал-жағдайын сұрады", - дейді А.Айдархан.

Арон Атабек қызына хал-жағдайы, денсаулығы жаман емес, бірақ қолы істемей қалғанын жеткізген. "Әкем "Артсила" деген дәріні жіберуді сұрады. Қолын көтеріп, саусақтарын бүге алмай қалады. "Тамақ іше аламын, жаза аламын. Қаламсап пен қасық ұстай аламын, басқа нәрселерді ұстап, көтере алмаймын. Түрме бастығынан мүгедектікті рәсімдеуді сұрадым. Осыны құқық қорғаушыларға жеткізші" деді әкем", - деп жазады Айдана Айдархан.

Қызының жазуынша, әкесі алты жыл бұрын дәрігер емінен жазбаша бас тартқан. Өйткені ондай жаста ем алу қауіпті деп шешкен.

Түрмедегі жағдайға көңілі толатынын қызына айтқан Арон Атабек Тоқаев пен халыққа үндеуін жеткізіпті. "Тоқаевқа мені премьер-министр қылсын деймін. Темірдей тәртіп орнатамын. Халық Арон Атабекті босатып, премьер-министр ету жайлы талап қойсын. Мен әлеуметтік әділдік орнатамын. Осындай видеомәлімдемені жасадым, бәлкім, бұл видео Amnesty International ұйымына жетеді", - деді А.Атабек қызына.

67 жастағы Арон Атабек 2006 жылғы Алматы түбіндегі Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған диссидент, ақын. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Арон Атабекті саяси тұтқын деп таныды. Арон Атабектің шартты жазаға өтініш жазып, мерзімінен бұрын босап шығатын уақыты жеткенімен, диссидент кінәсін мойындамайтындықтан, ондай өтінішті сотқа беруден бас тартты.

Оқи отырыңыз: Арон Атабек ауырып қалды ма?

 

 

Байланысты жаналықтар

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

20.01.2022

Өткен жылдың өкініші. Өмірден өткен жақсылар

29.12.2021

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

13.12.2021

Алматыда Арон Атабекпен қоштасу рәсімі өтті

26.11.2021

Арон Атабек ауруханаға түсті

05.10.2021

Сот Арон Атабекті мерзімінен бұрын босатты

01.10.2021
MalimBlocks
Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Ал құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина бүлік кезінде қаза тапқан, қамауға алынған, жарақаттан және іс-түссіз жоғалған азаматтардың тізімін жасайтын Qantar 2022 сайтын іске қосты. Malim.kz тілшісі олармен тілдесті.

Өткен жылдың өкініші. Өмірден өткен жақсылар

Қуаныш пен қайғы қатар жүреді, өмір бар жерде өлім бар. 2021 жылы халықтың қабырғасын қайыстырған қазалы күндер де болды. Арамыздан кетсе де, жұрттың жадынан, көптің көңілінен кетпейтін жандарды еске алғанды жөн көрдік.

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

Желтоқсан фотосындағы тұмақ киіп тұрған жігіт бұрын-соңды сұхбат бермепті.  Malim.kz сайтына себебін айтты.

Алматыда Арон Атабекпен қоштасу рәсімі өтті

Бүгін 26 қарашада Алматыда екі күн бұрын қайтыс болған ақын, дисседент Арон Атабекпен қоштасу рәсімі өтті.

Арон Атабек ауруханаға түсті

Сот Арон Атабекті мерзімінен бұрын босатты