"Ұялатын жерім жоқ". Тасмағамбетов өзін "ресейшіл" деп сынағандарға жауап берді

Malim Админ

  • 30.03.2025

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өзін “ресейшіл” болып кетті дегендерге жауап берді,- деп хабарлайды Malim.kz.

Ел арасында түрлі әңгімелер өріп, кейбір қолданушылар оның отансүйгіштігіне күмән келтіріп, тіпті «сатқын» деп айыптаған болатын.

Тасмағамбетов мәлімдемесінде "Сотқа жүгініп, біреумен дауласып жүрген адам емеспін. Себебі, ақтың отын ақымақ өшіре алмайды",- деді. 

 

Қоғам қайраткері әлеуметтік желіде айтылған жалған ақпараттар мен орынсыз кінәлаулардың адам абыройына тигізер әсерін жоққа шығармайды. Бірақ соларға бой алдырмай, сабыр мен парасат биігінен қарайтынын білдірді. Ол «әлеуметтік желінің жылдам таралуы – ар алдындағы жауапкершілікті ұмыттырмауы тиіс» деген ойын айтты.

 

Иманғали Нұрғалиұлы өз өмір жолына тоқталып, Атырау өңірінде дүниеге келгенін, қазақы тәлім мен тәрбиені бойына сіңіргенін де атап өтті. Ата-ана аманатын, туған топырақтың қасиетін бойтұмардай қадірлейтінін, елдің мүддесі жолындағы күресте ар-намысты биік қоятынын жеткізді.

Ол халықаралық әскери ұйымдағы қызметі арқылы еліміздің қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосқанын айтып, «ел мүддесі үшін отқа да, суға да түсу – мен үшін мәртебе» деді. Бұл тұрғыда ол өзі қызмет еткен кез келген лауазымда ұлттың абыройы мен мемлекеттің тәуелсіздігін қорғауды басты міндет санағанын айтты.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырған Тасмағамбетов: «Арлы адам – ең күшті адам», – деген Әбіш Кекілбаевтың сөзін мысалға келтіріп, адалдық пен ұстанымның тұрақтылығын биікке қойды. Оның айтуынша, қазіргі заманғы ақпарат тасқынында әрбір азамат шындық пен өтірікті айыра білуі тиіс.

«Өз ұлтына қарсы тұру – қаныпезерлік, ал біреудің сойылын соғу – соқырлық» деген пікірі арқылы ол қазіргі геосаяси жағдайда ұлт бірлігі мен сана тәуелсіздігінің маңызын алға тартады.

Фото: видеодан скрин 

   

Байланысты жаналықтар

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

31.03.2025

Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

28.11.2024

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

28.11.2024

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

27.11.2024

ҰҚШҰ отырысы: Астанада көшелер жабылады

26.11.2024

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

26.11.2024
MalimBlocks
Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

Армения 2024 жылы ұйымды қаржыландырудан ресми түрде бас тартқан еді

Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

Путин елімізге мемлекеттік сапармен келе жатыр.

ҰҚШҰ отырысы: Астанада көшелер жабылады

Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне 5 елдің басшылары қатысады

Армения өкілдерінің есімдері аталған жоқ