freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қамшыбек Ташиев Қырғызстаннан кетті, Бішкек ҰҚМК басқармасының экс-басшысы ұсталды

Әлем
Қамшыбек Ташиев Қырғызстаннан кетті, Бішкек ҰҚМК басқармасының экс-басшысы ұсталды
Gov.kg

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Ташиев елден кетті. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Регион» телеарнасының директоры Откурбек Рахманов хабарлады, деп жазады Malim.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. Рахмановтың айтуынша, Ташиев мемлекет аумағынан уақытша шыққан. Жарияланған видеода шетелге шығудың мақсаты мен мерзімі туралы өзге мәліметтер жоқ.

БАҚ мәліметінше, бұған дейін қоғамдық кеңістікте Қамшыбек Ташиевке қатысты кадрлық шешімдер белсенді түрде талқыланған. Осы жағдай аясында оның алдағы жоспарлары жөнінде түрлі болжамдар айтылған. Қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік органдар тарапынан оның елден шығуына байланысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Еске салайық: 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серігі Қамшыбек Ташиевті барлық қызметінен босатты. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «бұл қадамның басты мақсаты – мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы жікке бөлінудің алдын алу». Бұл шешім Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған жағдай аясында қабылданды.

Ташиевтің отставкасынан кейін күштік құрылымдарда қайта құру жұмыстары жүргізілді: оның орынбасарлары қызметінен босатылды, Шекара қызметі ҰҚК құрылымынан шығарылды, сондай-ақ президентке тікелей бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды. Жергілікті парламенттің спикері Нурланбек Тургунбек уулу өз өкілеттігін тоқтатты. Көлік прокуратурасының басшысы қызметінен Ташиевтің жиені Нургазы Матисаков босатылды. Сондай-ақ Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының бұрынғы басшысы Эльдар Жакыпбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдында Қырғызстанда оның жақын серігі Вазелин де ұсталған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу