Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы елдің вице-премьері қызметіне тағайындалды

Әлем
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы елдің вице-премьері қызметіне тағайындалды
RKadyrov_95 / Telegram. Суретте: Ахмат Қадыров пен Владимир Путин

Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі, республика басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы – 20 жастағы Ахмат Қадыров Шешенстан үкіметі төрағасының міндетін атқарушы орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Рамзан Қадыров өзінің Telegram арнасында хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Тағайындау республика үкіметінің төрағасы Магомед Даудовтың ұсынысы бойынша жүзеге асқан. Сонымен қатар, Шешенстан үкіметі төрағасының міндетін атқарушы орынбасары қызметіне ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев та тағайындалды.

Рамзан Қадыров Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевты жауапкершілігі жоғары, тиімді басшылар ретінде сипаттап, олардың басқарушылық тәжірибесін және республиканың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бұған дейін Шешенстан үкіметі басшысының міндетін атқарушы қызметін Иса Тумхаджиев атқарып келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу