Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ректордың ұлы әкім болды

Саясат
Ректордың ұлы әкім болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданына Бектенбай ЕСПОЛОВ әкім болып тағайындалды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

37 жастағы әкім президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен. Мемлекеттік қызметтегі өтілі 10 жылдан асады. Бектенбай ТІЛЕКТЕСҰЛЫ кеңсе сарапшысынан президент протоколы бастығының орынбасарына дейін қызмет сатыларымен өскен.

«ҚР Президентінің Әкімшілігі және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов «Алматы» ауданының әкімі қызметіне тағайындалды», -делінген хабарламада.

Жаңа әкім Қазақ Ұлттық аграрлық университеттің ректоры Тілектес ЕСПОЛОВТЫҢ ұлы. Тілектес ИСАБАЙҰЛЫ экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының ғылым академиясының Академигі. Білім беру ісінің Құрметті қызметкері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Коллаж: Мәлім кз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу