Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде соғысқа қатысқандарды жерлеуге рекордтық қаржы бөлінді

Әлем
Ресейде соғысқа қатысқандарды жерлеуге рекордтық қаржы бөлінді
Фото: REUTERS

2025 жылы Ресей билігі Украинадағы соғыста қаза тапқан әскери қызметкерлерді жерлеуге және мемориалдар салуға кемінде 130 млн рубль бөлген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Мұндай есепті «Верстка» басылымы «Госзакупки» порталындағы келісімшарттарды талдау арқылы шығарды. 23 қаңтарда жарияланған материалда бұл толық ауқымды соғыс басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш екені айтылған.

Атап айтқанда, 2022 жылы мұндай сатып алулар жүргізілмеген. 2023 жылы мемориалдарға 880 мың рубль, ал жерлеуге 5,2 млн рубль бөлінген. 2024 жылы бұл сома тиісінше 24,5 млн және 11,8 млн рубльге жетті. Ал 2025 жылы «СВО» қатысушыларына арналған мемориалдарға 111 млн рубльден астам қаржы, ал әскери қызметкерлерді жерлеуге кемінде 17,8 млн рубль қарастырылған.

Басылым дерегінше, 2025 жылы жерлеуге қатысты келісімшарттар көбіне Новосибирск облысында, Коми республикасында және Чукотка автономды округінде орналастырылған. Журналистер «Госзакупки» арқылы өтетін қаражат — мемлекет пен түрлі ұйымдар соғысқа қатысқандарды жерлеуге бөлетін қаржының бір бөлігі ғана екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу