«Өзіміз отырып тағы тойлаймыз». Мадина Сәдуақасова құрбысының тойына неге бармағанын айтты
Әнші қазір Тәжікстанда жүр екен.
Отандық әнші Мадина Сәдуақасова өнердегі жақын құрбысы Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың күміс тойына бара алмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Көпшіліктің талқысына түскен тойда оқырман қауымды Сәдуақасованың бой көрсетпеуі таңғалдырған, тиісінші әншіні сұрақтың астына алған.
Өнер иесінің сөзіне қарағанда, ол қазір Тәжікстанда жүр. Себебі бұл күндері Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр, оның үстіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары жоспарланған.
Кеше достарымның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Қыдыр мен Қақатты ерекше жақсы көремін, құрметтеймін. Әзірге Тәжікстаннан осындай құттықтау, бұйыртса, өзіміз отырып тағы тойлаймыз, - деп жазды әнші.
Фото: Instagram/sadvakasovamadina