«Қызым некесіз дүниеге келді». Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтты

Ол тұңғышын 27 жасында дүниеге әкелген.

Сабина Асқарқызы

  • 08.04.2025

Танымал отандық дизайнер Аида Кауменова журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кауменованың сөзінше, қызын некесіз босанған. Сөйте тұра құрсақтағы сәбиін қалдыру туралы шешімді бірден қабылдаған.

Ол кезде қиын заман еді. 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Некесіз қызымды босандым. Ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде, дүниеге әкелемін деп шештім. Мұндайда көп қыздар баланы алдырып тастап немесе перзентханаға қалдырып кетіп жатады. Мені ата-анам махаббатқа бөлеп өсірді. Сондықтан да шығар, баланы қалдыруға қатысты менде күмән болған жоқ. Италияда оқып жүрген едім. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне хабарды жеткіздім. Ол кісі үйдегілерге ескертіп қойыпты. Келсем, бәрі дайын отыр екен. Қызымды бәрі жақсы көреді, деді дизайнер. 

Ал қызының әкесі үйленуден бас тартқан.

Басы бос еді, бірақ үйленгісі келмеді. Соған қарамастан қызымның әкесіне рахмет айтамын. Өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Осы жайт та менің Аида Кауменова болып қалыптасуыма әсер еткен шығар, деді сән әлемінің жұлдызы. 

Фото: Аида Кауменованың жеке парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

20.04.2025

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

15.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

Қостанайда салмағы шамамен 7 келі, бойы 60 сантиметрден асатын алып сәби дүниеге келді

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?