"2023 жылы ұстаздардың айлығы 550 мыңға жетпек"

Malim Админ

  • 02.02.2020

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ айтуынша, ұстаз мамандығының беделі мен мәртебесін арттырудың бір-бір жолы – мұғалімдердің жалақысын көтеру. Жақында Алматыда "Ұстаз мәртебесі туралы" заңды педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге түсіндірген министр мұғалімдердің айлығы өсетінін мәлімдеді.

Қаңтар айының аяғындағы Алматыдағы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездескен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Ұстаздар мәртебесі" туралы заңына сәйкес, мұғалімдердің жалақысы олардың дайындығы мен кәсіби біліктілігіне қарай төленетінін айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, 2023 жылға қарай мұғалімдердің айлығы 500-550 мың теңгеге жетуі тиіс. Бірақ алдымен ұстаздардың дайындығына көңіл бөлу керек көрінеді. Мұны ең алдымен педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлерден бастау керек. Бұл мамандыққа кездейсоқ келгендер емес, мұғалім болуды қалайтын және ҰБТ-дан жиған балдары жоғары түлектер түсуі тиіс.

"Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге қойылатын талап күшейтілмек. Бұрын талапкерлер 50 балмен педагогикалық мамандықтарға құжат тапсыра алатын. Біз былтырдан бері бұл межені 60 пайызға көтердік. Биыл ол балды 70-ке жеткіземіз", – деді А.Аймағамбетов.

Министр білім саласындағы мамандарды ынталандыру үшін "Ұстаздар мәртебесі туралы" заң қабылданғанын еске салды. Ұстаз мамандығының беделін арттырудың бірден-бір жолы ­– жалақыны өсіру.

"Педагогтардың орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақының 65 пайызына тең. Бірақ жалақыны өсіріп, қосымша үстемелер қосқаннан кейін жағдай түзелуі тиіс. Барлық қосымша үстемелерді қосқанда, ұстаздар 2023 жылы 500-550 мың теңге жалақы алатын болады", - деді министр.

Сондай білім және ғылым министрі қандай қосымша төлемдерді айтып тұр? Мәселен, тәжірибесі бар ұстаз мектепке жаңадан орналасқан жас маманға жетешілік ететін болса, жалақысына ай сайын 17 500 теңге қосылады.

Магистр дәрежесін алып, мектепке орналасқан мамандарға да қосымша үстеме қосылады. Ол 10 айлық есептік көрсеткішке, негізгі 26 510 теңгеге тең. Сынып жетекшілік, үй жұмыстарын тексерудің ақысы екі есе артпақ.

"Ұстаздар мәртебесі туралы" заң бойынша, мұғалімдерге категерия берудің жаңа жүйесі енгізіледі. Категориясы жоғары педагогтарға жалақысына қосымша үстеме төленеді. Ол айлығының 30-50 пайызына дейін жетеді. Ғылыми жарыс пен олимпиадаларда жүлде алатын шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға сыйақы беріледі. Сыйақы бір реттік болғанымен, үш жалақысына тең болмақ.

Асхат Аймағамбетов ұстазар артық қағазбастылықтан ғана емес, өздеріне қатысы жоқ шаруадан, іс-шараларға қатысу, сауалнама жинау тәрізді жұмыстардан босатылатынын да айтты. Заң бойынша, ұстаздарға бала оқытудан басқа қоғамдық жұмыстар жүктелмейді. Бұл заңды бұзып, мұғалімдерді басқа жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады.

"Ұстаздар мәртебесі" заңына сәйкес, мұғалімдер басы артық есеп беруден де құтылады. Оның үстіне мектепке қайта-қайта келгіш тексеру комиссиялар азаяды.

 Фото: facebook.com/edugovrkr

 

Байланысты жаналықтар

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024

Аякөз Еркінбекқызы: Жастарға Қазанғап, Әлшекей, Ақбала күйлерін саф күйінде жеткізгіміз келеді

24.06.2024
MalimBlocks
Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.

Аякөз Еркінбекқызы: Жастарға Қазанғап, Әлшекей, Ақбала күйлерін саф күйінде жеткізгіміз келеді

Ақбала Жаңқабылұлы мен Шағдар Ақылбековтың есімдері қалың көпшілікке таныс емес