Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

Malim Админ

  • 19.04.2021

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері  Ғазиза Әбдінабиева 72 жасында өмірден өтті. Бұл туралы театр режиссері Асқар Маемиров Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

" Ұлт руханиятының аспаны қара жамылды. Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті..." - деп жазады Асқар Маемиров.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тартоғай ауылында туған.

1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының  «актерлік шеберлік» факультетін бітірген.

1968-1993 жылдар аралығында Ғ.Мүсіріепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етті.

1993 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.

1994 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «актерлік шеберлік» мамандығынан дәріс оқыды.

2005 жылдан бастап Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі.

Ғазиза Әбдінәбиева бірқатар фильм мен сериалда да басты рөлдерді сомдады.

MalimBlocks