457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда қанша балдық жер сілкінісі болды?

Алматыда жер сілкінді. Әлеуметтік желілерде жұрттың сыртқа шығып кеткен фото-видеосы тарады.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жер сілкінісі шамамен 6 балл болған. Департамент ақпарат нақтыланып жатқанын айтады.

-Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Полиция департаментінің кезекші бөліміне ғимараттарда зақымдардың бар-жоғын тексеру жөнінде тапсырма берілді,-делінген Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің таратқан мәліметінде.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7.  

МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі - 5 балл, Шымкентте 2 балл болып сезілген.