Ботақара кентінде зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Malim Админ

  • 30.01.2024

Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Барлығына қажетті көмек көрсетіледі.

– Ең алдымен, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқымыз келеді. Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз, – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы ТЖ жариялады.

Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазМИРР сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлерінде орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешілетін болады.

Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылды. 

Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен қирады. Басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.

Үйде тұратын 46 тұрғынның 35-і жарылыс кезінде үйлерінде болған. ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екі бала үйіне жіберілді. Бір бала ОБКА-ға жеткізілді, сонымен қатар ауруханада екі ересек адам бар, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді.

– Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын-ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін