Мәмин вирусқамақта, Аймағамбетов пен Сапарбаев қайтер екен?

Malim Админ

  • 14.06.2020

Коронавиус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына іссапармен барған премьер-министр Асқар МӘМИН өзін-өзі оқшаулады. Ол жұмысын онлайн режимде жалғастырмақ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Мәмин коронавируске тест тапсырған. Нәтижесі теріс. "Іссапар кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов маска тағып жүрген", - дейді үкіметтің баспасөз қызметі.

Елжан Біртанов, Асқар Мәмин мен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысына вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс жұмыстарын бастау үшін 12 маусым күні сапарлаған болатын. Олармен бірге зауыт салынып жатқан орынға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та барған. Аймағамбетов пен Сапарбаев өздерін оқшаулап, үйде отыр ма, бұл жағы әзірге белгісіз.

Ал маусымның 11-і күні Елжан Біртанов сенатқа "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы мен ілеспе заңын таныстыруға барып, баяндама жасаған. Айтпақшы, сенат сайтында жарияланған суретте министр Біртановтың баяндаманы маска тақпай жасағаны көрінеді.  Министр баяндама жасап тұрғанда төрде отырған сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың да маска таққаны көрінбейді.

[caption id="attachment_4613" align="alignleft" width="1024"] http://senate.parlam.kz, 11 маусым[/caption]

Біртановпен соңғы күндері араласқан тағы қандай шенеуніктер өздерін оқшаулап, үйден жұмыс істер екен?

Фото: https://primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks