Маңғыстау өңіріндегі эпиджағдай қалай?

Malim Админ

  • 28.07.2020

Маңғыстау өңірінде жедел жәрдем шақыртулардың саны 45% - пайызға төмендеді, оның ішінде пневмония бойынша шамамен 3 есеге азайды

Өңірде коронавирус инфекциясы жағдайы бойынша ресми 2699 адам тіркелді. Емделіп шыққандар – 1898 адамнемесе 70,3%. Соңғы тәулікте 45 жағдай тіркеліп, аурудың тәуліктегі өсу қарқыны 1,6% құрады. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап вирустық пневмонияменауырған 9488 адам тіркелді. Бүгінгі күні оның 8404 адамы немесе 88,5% емделіп шығып, қазіргі таңда 828 науқас ем алып жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда 657 адам, инфекционалық стационарда 171 адам.Атап айтсақ, шілде айының ортасында ауырғандар саны 1431 адамға дейін жетсе, 27.07.2020 жылғы жағдай бойынша 774 адам емделіп, ауырғандар саны 657 адамды құрап отыр, яғни ауырғандар саны 46%-ға төмендеді.Денсаулық сақтау ұйымдарында індеттің шарықтау шегінде 1761 төсек орын дайындалса, бүгінгі күні аурудың таралуының тұрақтауына байланысты төсек-орындар 200-ге азайды. Оның бірі 100 орындақ «теннис» орталығынан ашылған провизорлық орталық, екіншісі Перинаталдық орталығы жанынан ашылған 100 орындық провизор. Олар кез – келген уақытта пайдалануға резервте дайын тұратын болады.Қазіргі кезде1561 –төсек орын бар, оның толымдылығы 53% - ды құрайды», - деп мәлімдеді облыс басшысы Серікбай Трұмов.

Маңғыстауда денсаулық сақтау ұйымдарында кислородтық станцияларын құру жұмыстарына 24 млн. теңге облыстық резервтен бөлінді

Медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша облыста 218 ИВЛ аппараттары бар, оның121-і короновирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге тартылды.Коронавирустық инфекциямен күресуге 336 бірлік оттегі концентраторы тартылды. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметінің диспетчерлік пунктін жабдықтау үшін облыстық резервтен 11 млн. теңге бөлінді. Осы орайда медициналық кадрлармен қамтамасыз ету бойынша бәрқатар жұмыс жасалды. Облыста коронавирус инфекциясына қарсы іс-шараларға 1976   медицина қызметкеріжұмылдырылды. Індетке тартылған мамандар тапшылығын жою мақсатында өңіргеБатыс Қазақстан медицина университетінен 26 маман, Қорғаныс министрлігінен 12 әскери - медициналық маман, Ресей Федерациясынан 9 медицина қызметкері, жалпы алғанда барлығы 47 маман тартылды. Сонымен қатар, Маңғыстау өңіріне Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған 65 жас маман келеді деп күтілуде.

Маңғыстауда ПЦР тестке тапшылық жоқ, қор жеткілікті

Қазіргі таңда, облыс бойынша ПЦР тәсілімен 76700 адам тексеріліп, оның2699 оң нәтиже берді. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш
10839 адамды құрады, нысаналы индикатор 8658.Облыс бойынша 5 зертханалық орталық бар. Оның ішінде 1 мемлекеттік - «Мемлекеттік сараптапама орталығы» және 4 жеке меншік - «Олимп», «Инвиво», «Эталон», «Чакур»зертханалары жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда 1 тәулікте орташа есеппен 800 ден аса ПЦР тәсілімен тестілеу өткізіледі, ескере кететін бір жайт, қолда бар зертханалардың тәулігіне 2000 адамғадейін тест өткізу мүмкіндігі бар.ПЦР тест қорын толықтыру үшін демеушілік көмегімен қосымша 100 мың дана тест алынып, тұрғындар тесттен алдағы уақытта өтуге мүмкіндік алады.

Маңғыстаулықтар үшін дәрі-дәрмекті қолжетімді ету мақсатында облыс бюджетінен 300 млн. теңге бөлінді

Денсаулық сақтау объектілерінің қоймаларында 7 күндік антикоагулянт, 20 күндік антибактериалды препараттар коры бар және қосымша гормоналды препараттар қажет етіледі (дексаметазон, преднизалон).Облыс бойынша 80% дәрі-дәрмектерді жеткізуді «Инкар», «Эмити», «Медсервисплюс» және «АДА Фарм» компаниялары жүзеге асырады. Бөлшек саудамен 400-ге жуық дәріхана айналысады.Дәрі – дәрмек қорын (стабфонд) жасақтау мақсатында жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлініп, алдағы уақытта тапшылықты болдырмау бағытында жұмыс жүргізілді.«Бүгінгі күні дәрі-дәрмектер уақтылы жеткізіліп, дәріханалардағыжағдай тұрақталып келеді, кезектер байқалмайды. Мәселе Өзімнің жеке бақылауымда», - деп мәлімдеді Үкімет отырысында облыс басшысы.

Маңғыстауда облыс әкімі аппаратына қарасты 30 жеңіл автокөлік мобильді бригадалар қызметіне көмек ретінде бөлінді

Бүгінде аумақта коронавирус ауруының респираторлық белгілері бар науқастарға көмек көрсету үшін 126мобильді бригадақызмет етіп жатыр. Оған облыс әкімшілігі өз тарапынан аппаратқа қарасты 30 қызметтік көлік бқліп берді.  Ал«БРК-Лизинг» АҚ арқылы өңірге 52 арнайы жедел-жәрдем авокөлігін алу үшін Республикалық бюджеттен 227 млн. теңге қаражат бөлінуде. Сонымен қатар, ауылдық емхана, бастапқы медициналық көмек көрсету орталықтарына және дәрігерлік амбулоторияларға 50 медициналық УАЗ автокөліктерін алу үшін облыстық резервтен 300 млн. теңге қарастырылды.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

15.07.2024

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

05.07.2024

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

27.06.2024

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

25.06.2024

Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

06.06.2024
MalimBlocks
Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

Сотталушы жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланған

«Басшылық қудалап жатыр»: Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты

1976 жылдан бері істеп келе жатқан «Жалғызтөбе» кен орнында 60-қа жуық мұнайшы жұмыс істеуден бас тартып отыр.

Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.