Мемлекет көмектеседі дегенге сенбеуші едім...

Malim Админ

  • 28.08.2020

Үш баласын жалғыз тәрбиелеп жүрген тараздық ана Жамиля Никошенко көз жасын көлдей төгіп, бір сәтте жылап қалды. Он бір жыл күткен арманының осылай орындала саларына тіпті сенбейтіндей. Пәтерден пәтерге көшіп, өз сөзімен айтқанда «тозып кеткен» Жамиля табылдырықтан аттағанда іштей күбірлеп бірдеңе айтып жатты. Енді ол және балалары өздеріне әбден сүйкімсіз боп кеткен «хозяин», «хозяйка» деген сөздерді мүлдем естімейтіндерін жете түсінбей тұрған да сияқты.

«Бүгін мен, үш балам үшін ерекше күн. Енді балаларым кісі табылдырығын тоздырмайды. Енді балаларымның алдында жүзім сынық емес. Біздің өз пәтеріміз бар! Екі бөлмелі пәтеріміз бар! Міне, кілті!  Сенесіз бе, әлі сенбей тұрмын. Бұрын жарлы мен жалғызбасты жандарға мемлекет көмектеседі дегенге сенбеуші едім. Енді, сенбейін десем, мына пәтердің табалдырығын аттап, кілтін ұстап тұрмын ғой. Бұдан асқан бақыт бар ма! Балаларымның үлкені 12 жаста, кіші қызым 6 жаста. Олар тіпті мәз. Жаңа аудан оларға ұнады. Үшеуі де жақын жердегі мектеп-гимназиясына барады», - дейді Жамиля Никошенко.

Жамиля Никошенка секілді бақыттан жылағандар аз емес. Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Пәтер кілтін алғандардың бірі Жәнібек Байтұрсынов балалар үйінің түлегі. Екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген Жәнібек кезекте тұрған бірнеше жылдың ауыртпашылығы бір мезетте ұмытылып кеткенін айтады.

«Жас отбасымыз. Әйелім, кішкентай балам бар. Біздей жанды ескеріп, мемлекет қамқорлық көрсетіп, баспана бергені өмірге деген сенім мен жігер сыйлайды екен», - дейді Жәнібек.

Жамбылдықтардың мұндай қуанышына облыс әкімі Бердібек Сапарбаевта құтты болсын айтып келді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне, әркімнің баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында 270 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жаңа баспаналарға бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылар қол жеткізуде. Баршаңызды қос мереке – Конституция күні және қоныс тойларыңызбен құттықтап, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Мемлекет қамқорлығына рақмет айтқан ананы бірі Ардақ Қайкиева бүй деді:  «Он жыл кезекте тұрдым.Алған пәтеріміз жайлы, бөлмелері кең, жарық әрі жылы екен. Барлық жағдай жасалыпты. Біз өз күшіміз мұндай баспанаға қол жеткізуіміз екіталай еді. Осындай қолдау үшін мемлекетке алғысымыз шексіз!».

Жалпы, облыс орталығында баспана кезегінде  18 887 адам тұрса, осы жыл 15-шағын ауданда 80 пәтерлік 4 үй, ал Арай-2 массивінде 90 пәтерлік бір үй бой көтерген. Ал жыл соңына дейін 22 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ.

Н. Әлдибек

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.