Нығматулин Цойға: "Ес жинау керек!"

Malim Админ

  • 09.06.2021

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға емханаға барып, халықпен сөйлесіп көруге кеңес берді.  Спикер бұл туралы 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкімет есебінде айтты.

"Құрметті министр мырза, жертасадан шығып, халықтың арасына баратын кезіңіз келді. Халықпен санитар дәрігердің қаулысы арқылы сөйлескенді тоқтатқан жөн. Ауруханаға, аудандық емханаға барып көріңіз. Сол жерде кезекте отырған адамдармен сөйлесіңіз. Сонда медициналық қызметтің сапасы туралы көп нәрсеге көз жеткізер едіңіз", - деді Нығматулин.

Ол министрге журналистер және халықпен коммуникацияны реттеу керектігін де ескертті.

"Алексей Владимирұлы, қазір денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіп жатқанын түсінеміз. Бірақ ес жинайтын кез келді. Коммуникацияны орталық коммуникациялар алаңында ғана  жасамау керек. Қағаз немесе суфлерден оқи саласыз да, журналистер сұрағының жартысына жауап бермейсіз", - деді ол.

Нығамтулин мен мәжілісшілер мамырдың басында да Алексей Цойға шүйлігіп, баяу вакцинация үшін сынаған.

Байланысты жаналықтар

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024
MalimBlocks
Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.