Оң өзгеріске нақты қадам

Алдағы біраз күндерден соң ел Тәуелсіздігі отыз екінші жылына қадам басады. Осы уақытқа дейін бірнеше белестерден белі сынбай өтіп келе жатқан Қазақ елі ұлт келешегі үшін үлкен өзгеріс алдындағы алғы шарттарды жасап келеді.

Malim Админ

  • 10.10.2023

Халқымыздың әлеуметтік жағдайы мен еліміздің экономикалық тұрақтылығы болашағымыздың басты кепілі болып саналады. Саяси жүйелерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген өзгерістер халықтың оң бағасын алып келеді. Солардың бірі - аудан әкімдерін халықтық сайлау арқылы таңдау болды. Аталған өзгерісті заңға енгізу үшін 2022 жылы халықтық референдум жүргізілді. Жаппай референдум нәтижесінде аталған заң жобасы мақұлданып, биыл Түркістан облысындағы төрт ауданда әкімдер сайлауы өтті. Шардара, Созақ, Бәйдібек және Мақтаарал аудандарының тұрғындары өз әкімдерін өздері сайлады. Бұқара халық арасында бұл бетбұрыс үлкен талқыға түсіп, оң бағасын алды.

Өзімнің туған өлкем Түлкібас ауданының тұрғындары келесі жылы сайлаушылар қатарынан табылады. Мұндай саяси науқанның дайындығына қазірден кірісіп кетті десем де болады. Ел арасында әкім болуға лайықты азаматтарды қамшылап, сенім білдіретіндерін жеткізуде. Алайда саяси додада бағы мен бабы қатар шыққандар озары анық. Осы жүйе бойынша ауыл әкімдерін де халық сайлайтын болса, қарашаның сенімі артқан үстіне арта түсер еді деп ойлаймын. Қазіргі таңда ауылдың өзіне сай белгілі бюджеті бар. Оны ауылды көркейту, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына жұмсайды. Әр азамат өл туған елінде сұлтан болса, артында сенім артатын халқы болса, барлығы зор құлшыныспен жұмыс істейді емес пе? Алдағы уақытта аудан әкімдерімен қатар ауылдық округ әкімдерін де сайлау халықтың билігіне берілсе, демократиялық жүйе өз жемісін бере бастайды деген сөз деп білемін.

Саяси бетбұрыс жоғары жақта да орын алды. Бұған дейін депутаттарды тек сайлауалды үгіт-насихат науқанында ғана көріп, кейін таппай қалатын едік. Соңғы сайлауда можаритарлық (жеке мандат) жүйе арқылы ер арасында өзіндік орыны бар, сөзі өтімді азаматтар түсті. Халық сеніміне серкеу түсірмейді деген депутаттар тап осы аталған жүйедегі тізімнен табылды. Сәйкесінше халықтың басым дауысына ие болды. Жаңа жүйе жаңа тұлғаларға саяси жол ашып берді десек те болады. Бүгінгі таңда аталған жүйе арқылы мінберге мінген депутаттар елі ішінде, халықпен бірге жасап келеді. Билік пен бұқараның арасындағы қатып қалған бөгет осылай жібіп жатқандай сезіледі.

Студенттік шағымыз бірге өткен достарым бар. Оқу бітірген соң бірден қалаға жұмысқа тұрды. Жастарға берілетін пәтерге өтініш тастап, осыдан екі-үш жыл бұрын қуанышқа кенелгені есімде. Сұрастыра келе білгенім, мемлекет тарапынан жас мамандарға бес жылға дейін өте арзан бағада жалға пәтер берілген екен. Арнайы талаптарға сай келетін кез-келген жас маманның осылайша пәтерлі болуына үлкен мүмкіндік ашылған. Оны естіген тағы бір замандасым сол бағдарлама бойынша өз мүмкіндігін пайдаланып отыр. Бұл мүмкіндіктер де мемлекет тарапынан жастарды қолдау, олардың баспаналы болуына жағдай жасау деп білемін. Жастар санатының жас мөлшерін 29-дан 35-ке ұлғайтқаны да бүгінгі буын үшін үлкен мүмкіндік.

Мен қазіргі таңда Түлкібас аудандық орталық кітапханада әдіскер болып қызмет жасап келемін. «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген Әбіш Кекілбаевтың тамаша сөзі бар. Кітапхана ғимаратының сыртынан бір қарғанда тыныштық орнаған мекен дерсіз. Ал іші құжынаған тіршілік. Күнделікті іс-шара. Туған жердің әрбір тасынан бастап текті тұлғасына дейін зерттеп, олар туралы мәліметтер жиналып, кітап көрмелері жасақталып, халыққа ұсынылып отырады. Оқырмандар мен жергілікті тұрғындарға өлкетану, әдебиет, мәдениет, руханият, білім саласында еңбегі сіңген тұлғаларды насихаттап, олардың шығармашылығын күн сайын дәріптеп отырады.

Аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты 27 кітапхана бар. Ұжымның бірлігі мығым, тірлігі тату. Мемлекеттік саясатты, мәдениет пен руханиятты дамыту жолында кез-келген іс-шараны дөңгелетіп алып кете алатын ұжым. Өзіндік идеясы бар, қоғамдық пікірі қалыптасқан, кез-келген уақытта өз мамандығы үшін бәріне даяр ұжым. Облыс көлемінде 17 аудан болатын болса Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі алғашқы үштіктен түскен емес. Айтпақшы, осы тұста мақтанышпен айта кету керек, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасы «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» атанды. Бұл да біз үшін бір үлкен жеңіспен пара-пар деп білемін.

Жалпы елімізде соңғы уақытта алып жатқан оң өзгерістер көзге көрініп, санаға сезіліп, жүрекке жетіп келеді. Оны халық та аңғарып отыр. Ендігі басты мақсат – осы бағыттан айнымау. Жастар мен бүгінгі буынға басымдық беру арқылы болашаққа нақты қадамдар жасай аламыз.

Нұрбол НЫШАНБАЙ,

Түлкібас аудандық орталық кітапхананың кітапхананы

дамыту бөлімінің әдіскері

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.