457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей өндірген сүт өнімдері стандартқа сай емес

Қазақстанға сүт импорттайтын Ресейдің 5 кәсіпорнының 13 түрлі сүт өнімдерінің сапасы стандартқа сай келмейтіні анықталды.  

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелері бойынша 5 кәсіпорынның

* «Южный молочный завод»

* «Саратовский молочный комбинат»

* «А-7 Агро-Оренбургский молочный комбинат»

* «Молочный комбинат Энгельский»

* РФ АО «ВБД» өндірген сүт өнімдері тексеріліп 13 түрлі импорттық өндірушілердің сүт өнімдерінің 19 атауынан май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктерді анықтады, - дейді Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шекарада күшейтілген зертханалық бақылау жүргізу шеңберінде «Саратов сүт комбинаты» өндірген майлылығы 3,2% «Добрая буренка» ультрапастерленген сүтіндегі май-қышқыл құрамының сәйкессіздігі қайта анықталды. Осы кәсіпорынның өнімдерін Қазақстан аумағына әкелу уақытша шектелді»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.