Сағат ауысуы: Рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет

Көлік министрлігі ескерту жасады.

Malim Админ

  • 29.02.2024

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежай мен вокзалға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда  ертерек келуді ұсынады.

«1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі. Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ», - деп хабарлайды мнистрлік.

Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.

Ал авиакомпаниялар авиабилетті сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.

Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттегі түзету туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы ақпарат жеке ескерту түрінде жіберіледі.

Қосымша «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанындағы +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желіге», рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.

Байланысты жаналықтар

Air Astana Үндістанға бағытталған рейсті тоқтатты

08.05.2025

Жасөспірімнің қалжыңынан кейін әуежайда тексеріс басталды

20.04.2025

Наурызда Қытай мен Вьетнамға жаңа рейстер ашылмақ

20.01.2025

«Бортсерікті ұрып, «бомба» деп айғайлаған». Астана әуежайында тентек жолаушы ұсталды

14.01.2025

Шри-Ланкадан қайтатын қазақстандықтар рейсін 5 сағаттай күтуге мәжбүр

08.01.2025

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

10.11.2024
MalimBlocks
Air Astana Үндістанға бағытталған рейсті тоқтатты

Жасөспірімнің қалжыңынан кейін әуежайда тексеріс басталды

Алматы халықаралық әуежайында болған оқиға салдарынан бірнеше рейс кешігіп, уақытша ұшу шектеулері енгізілді

Наурызда Қытай мен Вьетнамға жаңа рейстер ашылмақ

Жаңа рейстер Нячанг, Гуанчжоу, одан бөлек, Шарм-эль-Шейх және Хургада бағыттарын қамтиды

«Бортсерікті ұрып, «бомба» деп айғайлаған». Астана әуежайында тентек жолаушы ұсталды

Оған екі бірдей баппен қылмыстық іс қозғалған

Шри-Ланкадан қайтатын қазақстандықтар рейсін 5 сағаттай күтуге мәжбүр

Қазір онда 166 жолаушы ұшағын күтіп қалған

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Оған ауа райының әсері жоқ