Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

Ол мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Malim Админ

  • 13.03.2024

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды.

«Аталған лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған. Сот үкімімен мекеме басшыларына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, «Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған