Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

Айшолпан КЕРІМ

  • 04.05.2022

Қазақстандықтарға 4%-бен автокөлік сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама келесі аптада іске қосылады. Бұл туралы үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің сөзінше, қазіргі уақытта утилизациялық алым бойынша оператор "Жасыл даму"АҚ-дан жеңілдетілген автонесиеге қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.

"Жасыл даму" шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ақша осы жұмыстар аяқталған соң жіберіледі. Осы аптаның соңына дейін, мамырдың алтысына дейін бітіреміз", - деді Брекешев.

Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы апта түссе, келесі аптада бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттарын бекіткен еді. Енді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын "Жасыл даму" АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуі тиіс.

Бағдарламаның негізгі шарттары келесідей:

Несие сомасы – 10 миллион теңге; 4 пайыздық жылдық сыйақасымен 7 жылға дейін, егер автокөлік құны несие сомасынан артық болса, үстінен ақша қосып төлеуге болады.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: