100 млрд алады: Мбаппе «Реал» ойыншысы атанды

Француз бір маусымда 15 млн еуро алып отырады.

Сабина Асқарқызы

  • 04.06.2024

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мадрид клубы француздың қатарға қосылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Шабуылшы «корольдік» клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реалымен» келісімшартының қаржылық талаптары да белгілі болды.

The Telegraph мәліметінше, 25 жастағы шабуылшы бір маусымда 15 миллион еуро алады. Яғни бес жылда 33,3 миллиард теңге алады деген сөз.

Сонымен қатар Мбаппеге 150 миллион еуро (66,7 миллиард теңге) көлемінде бонус беріледі, мұны ол бес жыл бойы алып отырады. Бұған имидждік құқық бойынша берілетін пайыздарды қосыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Килиан «Пари Сен-Жермен» сапында өнер көрсетіп, Лига 1-де алты рет топ жарса, төрт рет Франция кубогында үздік шықты, сонымен қатар Франция суперкубогында үш рет және Француз лигасы кубогында екі рет үздік шыққан.

Француз шабуылшысы Мадрид клубында 9-нөмірмен өнер көрсетеді.

Соңғы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt.de сайты оны 180 млн еуроға бағалайды.

Фото: ТАСС 

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады