«77 салмақта көш бастаған». Демеу Жадыраевтың қарсыласы қандай спортшы?

Жерлесімізге финал оңайға соқпайын деп тұр

Malim Админ

  • 07.08.2024

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен финалда белдесетін қазақстандық Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакамен алтын жүлдеге таласады.

Демеу Жадыраевқа финал оңайға соқпайын деп тұр. Жапониялық спортшы Нао Кусака 2023 жылы әлем чемпионатында қола медаль алған. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған. Нао қазір әлемдік рейтингіде 77 келі салмақтың көшін бастап тұр. 

Десе де, Демеу Жадыраев ел үмітін ақтауға бар күшін салады деген үміттеміз. Ол биыл – 34 жаста. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін. Қазақстандық спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін алған. Сонымен қатар Демеу Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған.

Кеше отандасымыз жартылай финалда әзербайжан спортшысы Санан Сулеймановпен кездесіп, қарсыласын 6:1 есебімен айқын жеңді. Осылайша Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шығуға мүмкіндік алды. 

Фото: sport.akipress.org

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады