Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Актермен қоштасу «Қазақфильмде» болады

Спорт
Актермен қоштасу «Қазақфильмде» болады

Белгілі актер Фархат ӘБДІРАЙМОВ ертең жерленеді. Қоштасу рәсімі «Қазақфильм» киностудиясында өтеді. Бірақ пандемияға байланысты жерлеу рәсіміне шағын отбасы ғана қатысады. 

«Бүгін таңертең Фархат Әбдірайымовтың мәйіті Грузиядан Алматыға жеткізілді. Туыстарының айтуынша, актермен қоштасу рәсімі ертең, 23 мамырда Алматыда өтеді», - делінген «Қазақфильм» киностудиясының хабарламасында. 

Қаралы жиынға актердың ткыстары мен жақын достары ғана қатысады алады. Марқұмның отбасы көпшілік пен БАҚ өкілдерінен түсіністікпен қарауды сұрайды. Актердің құрметіне «Қазақфильм» киностудиясының кіре берісіне гүл қою үшін арнайы орын жабықталады.

Фархат НҰРСҰЛТАНҰЛЫ 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. «Ақсуат», «Шанхай», «Фара», «Рэкетир 2» сынды киноларда ойнаған. «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі болған. Танымал актер 55 жасында Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу