Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әли Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді

Спорт
Әли Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді

Кәсіпқой бокстан еікнші орта салмақтағы қазақстанжық Али Ахмедов (22-1, 16 КО) Коммерсте (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды.

Ахмедов американдық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу супер орта салмақта өтіп, он раундқа есептелді және екінші раундта қазақстандық техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой бокста 23-жеңісіне қол жеткізсе, Малколм Джонс осымен бесінші рет жеңіліп отыр. Ахмедовтің қатарынан бесінші рет жеңіске жеткенін де айта кету керек. Ол мансабында бірінші әрі соңғы рет 2020 жылғы желтоқсанда эквадорлық Карлос Гонгорадан (22-3, 17 КО) жеңілген еді.

Фото: bassport.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу