Иоанн әкей: Алматыда Невскийге ескерткіш қоямыз
Келесі жылы Алматы қаласында Александр-Невский шіркеуінің маңында орыстың қолбасшысы, князь Александр НЕВСКИЙГЕ ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Malim.kz сайтының тілшісіне аталған шіркеудің протоиерейі Иоанн ЛОПАТИН хабарлады.
«Келесі жылы ұлы князь Невскийдің туғанына 800 жыл толады. Бұл айтулы дата. Бұйырса 2011 жылы бой көтереді деп отырмыз.Митрополит Астанайский мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен осы жөнінде сөйлесті. Министрлік қолдап отыр. Алматы әкімдігі ескерткі қоюға рқсат берді», - деді Александр-Невский шіркеуінің протоиерейі Иоанн ЛОПАТИН.
Иоанн әкейді айтуынша, ескерткішті салуға мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінбеген. Княз Нескийгедің тас мүсіні қайырымдылықпен жиналған қаражатқа салынады.
Алматы қаласындағы Жетісу ауданыда орналасқан Александр-Невский шіркеуі бірер ай бұрын бой көтерген. informburo.kz сайтының жазуынша, Алматыдағы ең жаңа шіркеудің құрылысына 3,2 миллион доллар кеткен. Шіркеу маңайын абаттандыру жұмысына 320 мың доллар жұмсау жоспарда бар екен. Оны ғибадатхана жергілікті билік өкілдерімен бірлесе атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, Митрополит Астанайский князь Невскийдің ескерткіші және 800 жылдығы бойынша желтоқсан айының басында мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловамен кездескен еді.
Фото: lookmytrips.com