Қазақстан футбол федерациясы туды таптаған футзалшыға қатысты мәлімдеме жасады

Лео Игита «Ақтөбе» мен «Астана командаларының туын таптаған.

Сабина Асқарқызы

  • 10.06.2024

ҚФФ футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны және «Қайрат» АФК өзге ойыншыларымен болған жағдайға байланысты  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді.

Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады. Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасының әрі «Қайрат» клубының қақпашысы Лео Игитаның басы дауға қалған еді. Әлеуметтік желіде оның автобусқа барар жолда «Ақтөбе» мен «Астана командаларының эмблемасын аяғымен басып өткен видеосы тарап жатыр. Бұл жағдай әсіресе, екі клубтың жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Олар Игитаның әрекетін қатты сынға алып, федерация басшылығынан футзалшыны жазалауды талап етті. Көп ұзамай қақпашының өзі де арнайы жазба жариялап, ресми кешірім сұрады. 

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады