Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Арман Қайыпхан

  • 15.04.2025

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты ірі жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дамфрис (Ұлыбритания) қаласында өткен турнирдің соңғы турында отандастарымыз Словенияны ойсырата жеңді.

Екі құрама турнирдің 5-туры аясында кездескен еді.
Жеңіске үлес қосқан ойыншылар:

Дәрия Молдабай — дубль (26 және 37 минуттар)
Екатерина Куценко — дубль (13 және 60 минуттар)
Анна Пяткова — (34 мин, көпшілік кезінде)
Пернеш Әшімова — (36 мин)
Александра Воронова — (38 мин, көпшілік кезінде)
Анастасия Оразбаева — (45 мин)
Татьяна Королева — (59 мин, көпшілік кезінде)
Словения сапынан Сара Конфиденти 47-минутта азшылық құрамда жалғыз шайба соқты.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 2 жеңіс және 3 жеңіліспен аяқтады.

Қазір команда 6 ұпай жинап, 4-орында тұр. Бірақ Оңтүстік Корея мен Латвия арасындағы матч нәтижесіне байланысты 5-орынға төмендеуі де мүмкін.

Ал словениялықтар барлық 5 ойында жеңіліп, турнир кестесінде соңғы орын алып, төменгі дивизионға түсіп қалды.

Айта кетейік, Қазақстан келесі жылы да IB дивизионында өнер көрсетеді. Италия құрамасы турнир жеңімпазы атанып, жоғары дивизионға жолдама алды.

Фото: icehockey.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды