Қыр астында қысқы Олимпиада

Ал оған дайындық қалай?

  • 04.10.2021

Келесі жылы Бейжіңде өтетін ақ Олимпиадаға да аз уақыт қалды. Төрт жылда бір бір келетін дүбірлі доданың алауы Қытай астанасында 4 ақпанда тұтанады. Ұйымдастырушылардың айтуынша Олимпиада ойындарына әлемнің 95 елінен 4000-ға жуық спортшы қатысады.

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің таратқан мәліметі бойынша қазіргі таңда Қазақстан спортшыларында спорттың 5 түрінен 19 лицензия бар. Лицензиялық жарыстар қаңтар айының соңына дейін созылатынын ескерсек, Бейжіңге баратын спортшылардың саны бұдан да арта түседі. Бұл жерде атап өтетін ең маңызды нәрсе - спортшыларымыз іріктеу кезеңінің соңына дейін барлық жарыстарға қатысу қажет. Өйткені, Олимпиада лицензиясы әлемдік рейтингпен тікелей байланысты болғандықтан спортшыларымызға қазіргі нәтижелерінен төмендемеуі тиіс.

Қазақстан спортшыларының қысқы Олимпиадаға дайындық барысы өткен аптада Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас Ассамблеясында да талқыға түсті. Елордада ұйымдастырылған жиында Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, спортшылар былтырғы жылы пандемияға қарамастан жүзден аса оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдаған.

­Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 73 халықаралық жарысқа қатысып, барлығы 32 медаль жеңіп алды. Әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан спортшыларымыз 105 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оның 69-ын шетелде ұйымдастырды. Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі 16 қаңтарға дейін жалғасады. Оған дейін 50-ден астам лицензиялық жарысқа қатысу жоспарымызда бар. Сонымен қатар  командаларымызды сапалы медициналық және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге зор көңіл бөлудеміз.  Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесіне сүйенсек, медицина мен ғылымсыз спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан осы мақсатта оқу-жаттығу жиындарында және жарыс кезінде спортшыларды сапалы медицинамен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асырдық. Алдын ала болжам бойынша спортшыларымыз фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-трек, конькимен жүгіру сияқты спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетеді деген үміттеміз,­ дейді Дирекция директоры.

Жиын барысында Елсияр Баймұхамедұлы Олимпиада ойындарының дайындығына қанша қаражат бөлінгенін де айтты.

­Олимпиада ойындарының дайындығына 2,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл 2018 жылғы Пхенчхан олимпиадасына бөлінген қаржымен салыстырғанда көп. Бұл қаржының барлығы спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға жұмсалады. Олимпиада лицензиясы спортшыларға әлемдік рейтинг арқылы беріледі. Осы жағынан келгенде бізге әр жарысқа қатысу маңызды. Спортшыларымыз неғұрлым жарыстарға көп қатысса, лицензия алуға мүмкіндігіміз арта түседі, ­дейді Дирекция басшысы.

Жазда Жапония астанасында өткен жазғы Олимпиада ойындарында спортшылардың сәтсіздігіне куә болған жанкүйерлер енді Қытай жеріндегі аламанға алаңдайды. Мойындау керек, жазғы Олимпиадамен салыстырғанда біз үшін қысқы Олимпиаданың жарасы жеңіл. Алтын медальді айтпай-ақ қояйық, спортшыларымызға кемі бір қола медаль бұйырса, соның өзі біз үшін үлкен жетістік болар еді. Ал, сол медальді кім әкеледі? Қытай астанасында көк туымызді желбірететін спортшы арамызда бар ма? Бұл туралы Спорт дирекциясының басшысы не дейді?  

­Олимпиада ойындарында үздік ондыққа кіруден үмітті тоғыз спортшымыз бар. Олардың арасында фристайл-могулдан Пхенчхан олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева, әлем чемпионатының жүлдегерлері Павел Колмаков пен Анастасия Городкоға ерекше сенім артамыз. Сонымен қатар, шорт-трек пен коньки спортындағы қыз-жігіттеріміз де үміткерлер қатарында. Бізге қазір ең бастысы әлем кубогы кезеңдерінде жақсы өнер көрсетіп, жолдама алу, ­деді Е.Қанағатов.

Бейжің олимпиадасының ұйымдастырушылары әлемдік пандемияға байланысты шетелдік жанкүйерлердің келуіне шектеу қойды. Ал, жергілікті тұрғындарға жарысқа кіруге рұқсат. Бірақ, ол үшін ұйымдастырушылар бекіткен арнайы талаптарды орындаулары тиіс. Сонымен қатар, Олимпиадаға қатысатын спортшыларға да талапты күшейтіп жатыр. Токио олимпиадасы кезінде спортшыларға вакцина алуды міндеттемеген еді. Ал, бұл жолы керісінше, екпе алмаған спортшылар Олимпиада қалашығына аттап баспайды.

­Вакцина бойынша бізде ешқандай кедергі жоқ. Өйткені, Олимпиада ойындарына қатысатын командалардың 90 пайызы екпе алды. Яғни, вакцина бойынша ешқандай мәселе туындамауы тиіс, ­ деді Е.Қанағатов.

 

 

           

Байланысты жаналықтар

Назымға тағы бір көлік сыйлады

06.10.2024

Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

05.10.2024

Қазақстандық студенттер қаржылық қауіпсіздік Олимпиадасына аттанды

29.09.2024

Қазақстан шахматшылары бірінші орынға шықты

21.09.2024

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен бастады

29.08.2024

180 спорт түрі 50-ге қысқармақ. Рыбакина мен Путинцева алдағы халықаралық жарыстарға қатыса ма?

28.08.2024
MalimBlocks
Назымға тағы бір көлік сыйлады

Бұл жолы Li-6 автокөлігіне ие болды

Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

Халықаралық олимпиадаға 36 ел өкілдері қатысқан

Қазақстандық студенттер қаржылық қауіпсіздік Олимпиадасына аттанды

Олимпиада Ресейдің Сочи қаласында басталды

Қазақстан шахматшылары бірінші орынға шықты

Венгрия астанасы Будапештте шахматтан 45-ші Олимпиада ойындары өтіп жатыр.

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен бастады

Алғашқы ойында Венгрияны тізе бүктірді

180 спорт түрі 50-ге қысқармақ. Рыбакина мен Путинцева алдағы халықаралық жарыстарға қатыса ма?

Алдағы күндері бұл салада ауыс-түйіс болады