Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етіп жатыр

Жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Берік Дәулетов

  • 16.07.2024

Жәнібек Әлімханұлының екі бірдей чемпиондық титулдың тағдырын шешетін Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалды. Бұған Жәнібектің «салмақ қууға» байланысты жекпе-жектен бірнеше күн бұрын ауруханаға жатқызылуы себеп болды, деп жазады Sport.kz.

Шетелдік бокс әуесқойлары, соның ішінде Андрейдің жанкүйерлері бұл жағдайға үндемей қала алмады.

Көбі қазақстандыққа тезірек сауығып кетуді тілесе, басым көпшілігі Жәнібек пен оның командасының әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтып, сынға алды.

Бокс әуесқойларының тағы бір бөлігі бұл «салмақ қуудың» жекпе-жек өнеріндегі бұрыннан келе жатқан мәселе екенін айтты, содан кейін Жәнібекке жоғары салмақ дәрежесіне өтуді ұсынды.

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында есінен танып қалған болатын.

Артынша промоутер Жәнібек Әлімханұлының ауруханаға түсіп қалуына қатысты мәлімдеме жасады.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген