Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Юлия Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады

Спорт
Юлия Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды.


Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің 5-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 29-дан 28-ге көтерілді.
Осылайша, Ю.Путинцева өзінің үздік көрсеткішіне (27) жақын тұр.
Зарина Дияс 379-дан 388-ге төмендеді.


Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 23-тен 22-ге көтерілсе, Ю.Путинцева 110-нан 111-ге, Жібек Құламбаева 139-дан 141-ге сырғыды.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-ден 33-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 59-дан 63-ке түсіп қалды.


Михаил Кукушкин 111-ден 110-ға ауысып, ТОП-100-ге жуықтаса, Дмитрий Попко 175-те қалды. Бейбіт Жұқаев 185-те (-1), Тимофей Скатов 193-те (+1) тұр.
Қазақстандық жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 55-тен 54-ке шықса, Бублик 116-дан 118-ге төмендеді.


Александр Бублик бүгін жекелей сында Париж мастерс турнирінің алғашқы айналымында белгілі италиялық теннисші Фабио Фоньинимен ойнайды.

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу