Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен

Malim Админ

  • 26.11.2020

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы әйел жаңа туған баласын дәретханаға лақтырып жіберіпті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қайғылы жағдай БҚО қарасты Жаңажол ауылында болған екен. Ауыл адамдардының айтуынша, 23 қарашада 19 жастағы студент жаңа туған сәбиін сөмкеге салып, дәретханаға тастаған екен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше студент аман-сау босанған.

«Сот-медициналық сарапшылардың айтуынша, жаңа туған нәресте гипотермиядан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр », - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалыпты. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растап, іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы тура осындай оқиға Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында болған еді. Өтіп бара жатқан бір адам сәбидің дауысын естіп аман алып қалған еді. 2014 жылы Атырау облысындағы Сағыз ауылында да тура осындай жағдай болды. Ол кезде де сәбидің періштесі қағып аман қалған болатын. 2016 жылы Жамбыл облысында тағы бір сәби Жамбыл облысында табылған еді.

Фото: evo-rus.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды