Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

  • 13.03.2023

 

Қазақ технология және бизнес университетінің Футбол орталығында «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының төрағасы Марат Нәбиевтің ұйымдастыруымен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері Бейсен Құранбек, белгілі спорт комментаторы, журналист, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Амангелді Сейітханды еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында  шағын футболдан ашық турнир өтті.

Мақсаты – қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосқан  Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан және Бейсен Құранбекті еске алу және еңбектерін дәріптеу.

Шараға Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы, Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай және Амангелді Сейітханның ұлы   Бегасыл  Сейітханов қатысты.

Ашылу салтанатында Марат Нәбиев шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Журналистика саласының мүйізі қарағайдай алыптарын еске алуға арналған бүгінгі додада баршаңызды көргенімізге қуаныштымыз. Дара тұлғалардың есімдерін ұлықтау – сіз бен біздің азаматтық борышымыз. Менің әкем Әскен Нәбиев журналист болған. Сондықтан маған журналистикамен, ақпаратпен айналыстын  адамдар өте жақын. Әкемнің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген осы шараның мен үшін маңызы ерекше», - деді М. Нәбиев.

Шара барысында жарты ғасырға жуық ғұмырын қазақ журналистикасы мен телевизиясына арнаған Нұртілеу Иманғалиұлы туралы естеліктер айтылды.

«Қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосқан Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан және Бейсен Құранбекті еске алуға арналған жарыстың ойдағыдай өтуіне тілектеспін. Осындай игі шара ұйымдастырушыларына алғысым шексіз», - деді Қарлығаш Советбекқызы.

Өз кезегінде Гүлмира Зербай жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, «Бейсен және болмыс» кітабын тарту етті.

Шара аясында Бегасыл Сейітханов әкесі туралы естеліктермен бөлісті.

«Әкем қазақ спортының дамуына өзіндік үлесін қосты. Футболды жақсы көріп, біраз жыл өзі де доп тепті. Осындай игі шаралар жалғасын таба берсе екен дейміз»,  - деді Б. Сейітханов.

Додаға барлығы 8 команда, атап айтқанда, Жетісу облысынан келген «Qareket» командасы, Экспресс К, Qazcontent, Meta-ratings.kz, қос құраммен келген Қазмедиа орталығы, «MonkeyMediaKZ» және ұйымдастырушылардың командасы түсті.

Топтық сыннан сүрінбей өткен 4 команда жартылай финалда өзара бақ сынасты. А тобының көшбасшысы «Meta-ratings.kz» командасы В тобынан екінші орынмен шыққан Қазмедиа 2 командасына жол берсе, В тобының көшбасшысы «Экспресс К» командасы Қазмедиа 1 командасынан айласын асыра алмады. Қос ойынның да нәтижесі 1:0 болып тіркелді.

Жүлделі үшінші орын үшін болған ойында «Meta-ratings.kz» командасы екі доп айырмасымен «Экспресс К» командасын тізе бүктірді.

Сөйтіп, қос құраммен келген Қазмедиа орталығы командаларының жолдары  ақтық сында түйісті. Тартысты өткен ойын негізгі уақытта 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясы бойынша Қазмедиа 1 командасы жеңіске жетті.

Турнир қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы» аталымы «Экспресс К» командасының қақпашысы Қанат Базылханға бұйырса, «Үздік қорғаушы» аталымына Qareket» командасының қорғаушысы Азамат Шединбай ие болды. «Үздік шабуылшы» болып Қазмедиа 2 командасының шабуылшысы Шыңғыс Ерғалиев танылса, жақсы ойын-өрнегін көрсеткен «Meta-ratings.kz» командасының ойыншысы Мұрагер Мұратов «Үздік ойыншы» атанды.

Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлер және жекелей аталымдар бойынша үздік деп танылған ойыншылар дипломмен, арнайы кубокпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Байланысты жаналықтар

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

29.03.2024
MalimBlocks
Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, «Оқжетпес» футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды Malim.kz.