Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Корея Республикасының Президентін құттықтады

Саясат
Тоқаев Корея Республикасының Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі. 

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу