freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иранның "ядролық қаупі" жойылғаннан кейін мұнай бағасы төмендейді

Әлем
Трамп: Иранның "ядролық қаупі" жойылғаннан кейін мұнай бағасы төмендейді
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трампнің пікірінше, Иранның “ядролық қаупі” жойылғаннан кейін мұнай бағасы тез төмендейтінін айтты. Бұл туралы Malim.kz  РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды

Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

“Ираннан төнген ядролық қауіп жойылғаннан кейін мұнайдың бағасы аз уақытта тез төмендейді. АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін бұл түк емес”, – деп жазды ол.

РИА Новости агенттігінің сауда деректеріне сенсек, Brent мұнайының бір баррелінің бағасы 2022 жылдың шілдесінен бері алғаш рет 110 доллардан асқан.

“Дүйсенбі күні сауда басталған кезде Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстерінің бағасы 110 доллардан жоғары болды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ирандағы соғыс салдарынан мұнай бағасы шамамен 20%-ға өсіп, 2022 жылғы деңгейге жеткенін жазғанбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу