Бүгін – мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні

Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Malim Админ

  • 13.06.2024

Бүгін (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қаласында туған. Денис – Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.

Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді.

Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды.

2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді.

Бірақ халықаралық деңгейде тек келесі жылдан бастап көріне бастады, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болды.

Спорттағы жетістіктері: Ол – 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиаданың (Алматы-2017) чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

25.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025
MalimBlocks
Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

250 мың доллар: Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік сыйақы аударылды

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды