Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жасырын есім: Иманғали Тасмағамбетовтың орнына кім келетін болды?

Саясат
Жасырын есім: Иманғали Тасмағамбетовтың орнына кім келетін болды?
odkb-csto.org. Суретте: Иманғали Тасмағамбетовтың

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында (ҰҚШҰ) басшылық ауысуы жоспарланып отыр. Қазіргі бас хатшы, Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовтың орнына Қырғызстаннан келген дипломат Таалатбек Масадықов тағайындалмақ. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады, деп жазады ТАСС.

Ушаковтың айтуынша, 27 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Кеңесінің сессиясына Тасмағамбетовтің өзі қатысады. Осы жиыннан кейін ол қызметін аяқтайды. Оның орнына қазіргі бас хатшының орынбасары Масадықов ұйымның жаңа жетекшісі ретінде бекітіледі.

Ресейлік дипломат кадрлық ауысым ҰҚШҰ жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Саммит барысында Тасмағамбетов халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөнінде баяндама жасап, ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі құрмет белгісімен марапатталмақ.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жоғары мемлекеттік лауазымдар атқарған: елорда мен Алматы қалаларының әкімі, премьер-министр, қорғаныс министрі, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. 2023 жылдан бері ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарып келеді.

Дегенмен Тасмағамбетовтің ұйымдағы кейбір мәлімдемелері Қазақстан қоғамында сын тудырған. Мәселен, биыл наурызда ол «Еуропа елдері Украинада әскер орналастырса, ҰҚШҰ Ресейге көмек көрсетуге әзір» деген мәлімдеме жасап, бұл сөздер ел ішінде «Қазақстанды соғысқа тарту қаупі» деп бағаланған.

Ал жаңа бас хатшы Таалатбек Масадықов – тәжірибелі қырғыз дипломаты әрі халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы. Ол 12 жыл бойы БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген. 2022 жылы Қырғызстан президентінің арнайы өкілі болып тағайындалып, 2024 жылдан бері ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі таңда ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Армения мүшелігін уақытша тоқтатқанымен, ұйымнан ресми түрде шыққан жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу