Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

Оқиға
Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

Астанада Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан 29 жастағы әйелді ұстады.


Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Krisha.kz сайтында үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Жәбірленушілермен хат алмасу кезінде ол Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен. Пәтер жалдауға қызығушылық танытқан азаматтар жалған банк шоттарына алдын ала төлемдерді аударып, кейін пәтер иесімен байланыс үзілген. Салдарынан жәбірленушілер ақшасынан айырылды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, күдіктінің 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды, — делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырды.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz


 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу