Түркиядағы лаңкестік. 4 адам мерт болды. Жарақат алғандар көп

Ердоған Түркияның лаңкестер мен олардың сыбайластарынан келетін қауіптердің барлық түріне қарсы табанды әрі жан-жақты күрес жалғасады деп сендірді

Malim Админ

  • 24.10.2024

TUSAŞ әуе-ғарыш компаниясының нысанындағы лаңкестік әрекет Түркияның тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктеріне нұқсан келтіруді көздейді, деп хабарлады Анадолы агенттігі.


Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған X әлеуметтік желісінде түріктің TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының нысандарына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы шабуылдан кейінгі алғашқы минуттарда түрік қауіпсіздік күштері шұғыл әрекет етіп, лаңкестерді залалсыздандырғанын атап өтті.

– Түркияға қарай созылған «лас қолдар» бөгеледі. Біздің қауіпсіздігімізге бағытталған бірде-бір құрылым, террористік ұйым немесе зұлымдық ошағы өз мақсатына жете алмайды, – деп жазды Түркия басшысы.

Ердоған Түркияның лаңкестер мен олардың сыбайластарынан келетін қауіптердің барлық түріне қарсы табанды әрі жан-жақты күрес жалғасады деп сендірді.

Түркия Президенті қаза болғандардың рухы шат болуын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Түрік басшысы түрік қорғаныс өнеркәсібінің локомотиві және мақтанышы деп атаған TUSAŞ қызметкерлеріне де қолдау білдірді.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.

Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Лаңкестердің бірі әйел.

Ведомство басшысы жұртшылықты болған оқиғаға қатысты тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

Түркия астанасының Кахраманқазан ауданындағы TUSAŞ мекемесінде болған лаңкестік әрекет кезінде жарақат алған 14 адамның үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады ішкі істер министрі.

– Лаңкестерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Олардың аты-жөні белгілі болғаннан кейін біз олардың қандай террористік ұйымнан екенін хабарлаймыз, – деді министр.

Фото: Анадолы агенттігі  

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті