Саданов: «Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болған»

Malim Админ

  • 25.02.2020

Кеше кешке нұр-сұлтандық қоғам белсендісі Дулат Ағаділді төрт жігіт үйінен алып кеткен. Жедел алып кеткен топтың, Дулат Ағаділге дұрыс киінуге де мұрша бермегені видеоға түсіп қалған.

Бүгін таңертең Дулат Ағаділдің уақытша тергеу абақтысында қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл өлім қоғамның қызу талқысына түсіп, Алматы, Нұр-Сұлтан, шымкент қалаларында белсенділер әкімдіктердің, полиция департаменттерінің алдына шығып, бұл өлімнің тергеу жұмысын әділ өтуін талап етіп жатыр. Тіпті министрлік тарапынан комиссия құрылып, оның мүшелігіне қоғам белсенділері де кірсін деген сөздер айтылды.

Нұр-сұлтан қаласында ІІМ алдына жиналған бір топ белсендіні полиция күшпен екі автобусқа тиеп алып кетті.

Оқи отырыңыз: Дулат Ағаділдің сұрауын іздеген белсенді топ қамалды

Қалған адамдар мен журналистерді Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров ішкі кіріп, дәлізді сөйлесуді ұсынды. О жерде Заппаров біршама сұрақтарға жауап беріп, сараптаманың жүргізіліп жатқанын, оған Ағаділдің туыстарынан да кісілер қатысып жатқанын айтты. Сол жерде ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов қоғам белсендісінің қазасы қалай болғанын, жобалап айтып берді.

«Дулат Ағаділ камераға келгенде масаң күйде болды. Екі-үш сағаттан соң, жағдайы нашарлай бастаған. Таңертең алтыда тұрған. Алты жарымда онда тамақ береді. Жеті жарымда келіп, он бес минут дәретханада болған. Содан кейін шыққан соң, жағдайы нашарлап, төсегіне жатқан. Бақылаушы бірден жедел жәрдем шақырған. Сегізге таман жәдел жәрдем келген. Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғаны айтылды. Қазір нақты детальдары анықталып жатыр», – Арман Саданов.

Жиылған топтың арасында қоғам белсендісін танитындар Дулат Ағаділдің ішпейтін адам болғанын айтып жатты.

Ол жерге ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз да келді.

«Ең бірінші сабыр сақтайық. Қазір министрлік басшылығымен жиналып, Дулат Ағаділдің отбасына көңіл айтып жатыр. Қазір ұсталған азаматтардың бәрі тексеріліп жіберіледі. Ең бірінші сабыр сақтайық. Бізге қазір керегі осы», – деді Нұрділдә Ораз.

 

Байланысты жаналықтар

Сатылған көліктер қосалқы бөлшек деген желеуімен елге әкелінген

14.02.2023

Абай – 18, Жетісу – 19, Ұлытау – 20: Жаңа облыстар көлік таңбаларын алды

27.06.2022

Ахметжанов Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мың қаруды әлі таппай жүр

02.06.2022

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

16.02.2021

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

14.02.2021

Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

12.02.2021
MalimBlocks
Сатылған көліктер қосалқы бөлшек деген желеуімен елге әкелінген

Рулі оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды

Абай – 18, Жетісу – 19, Ұлытау – 20: Жаңа облыстар көлік таңбаларын алды

Ішкі істер министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңадан тіркелетін көліктер үшін цифрлық таңбалау тәртібі айқындады.

Ахметжанов Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мың қаруды әлі таппай жүр

Құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты іздестіріп жатыр. Власть басылымының жазуынша, қылмыскерлер қолында 2 мыңнан артық қару қалып қойған.

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды