Судьялардың әр шешімі сотқа деген сенімге әсер етеді

  • 13.10.2021

Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Жиналған мәселелерді судьяның адамгершілік мәселелеріне назар аудармай шешу мүмкін емес.

Судьяның кәсіби қызметінің адамгершілік аспектісіне назар аударудың қажеттілігі келесіге байланысты.

Біріншіден, сот жүйесіне деген сенім деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар, азаматтардың сенімі демократияның бас негіздерінің бірі болып табылады.

Екіншіден, демократиялық билік қоғамда бұл туралы жағымды идеялардың қалыптасуын қамтамасыз етуге ұмтылуға міндетті.

Шенеуніктің қоғамдық және жеке әрекеттері қоғам тарапынан моральдық-құқықтық біліктілікке жатады. Сондықтан судьяның мінез-құлқының моральдық жағы мемлекеттік саясат тұрғысынан өте маңызды. Судья сот төрелігін жүзеге асыратын немесе өзінің кәсіби парызы бойынша сотқа көмек көрсететіндер жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттерге ие болуы керек, өйткені судьяның кәсіби қызметінің ерекшелігі айрықша моральдық жағдайлармен байланысты. Сонымен, судья қарапайым, парасатты, өмірді білетін, жоғары мәдениетті, адамгершілігі зор болуы қажет.    

Елбасының өзі «ХХI ғасырда ұлтты дамытудың басты белгісі  мінсіз және тиімді сот жүйесі. Тәуелсіз және әділ сот  кез келген мемлекеттің қызмет желісі. Онсыз әлемнің бірде-бір мемлекетінде, ең дамыған мемлекеттерінде азаматтардың жоғары деңгейдегі дәулеттілегі де, қоғамның табысты дамуы да, қолайлы инвестициялық ахуал да болуы мүмкін емес»,  деп атап өткен болатын. Сондықтан сот жүйесінің дамуымен қатар судьялардың да жүйеге сай болуы қоғам талабы.

Осы орайда Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, «Сот жүйесінің жеті түйіні» деп аталатын негізгі басымдықты айқындап берді. Қойылған бірінші міндет  «мінсіз судья» қалыптастыру болып табылады. Жалпы мінсіз судья қалыптастыруға еліміз кешенді түрде жылдар бойы көңіл бөліп келеді. Соның ішінде судьялар құрамын сапалық тұрғыдан жетілдіруге ерекше мән берілуде. Ұлт жоспарының 19-қадамында судьялардың есеп беру тәртібін күшейтіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасақтау мәселелерін міндеттелген болса, Әдеп кодексінде судьялар жауапкершілігі одан әрі арттырылған болатын. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі еліміздің бұдан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етіп, соттардың беделі мен мәртебесін көтеруге қызмет етті.

Әділ сот билігін атқаруға құзыреттілік берілген кешегі өткен билер де, қазіргі судьялар да халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегі мен шағым- өтініштерін тыңдап, шындықтың жағын жақтап, өзі өмір сүрген қоғамының әділдік ұстанымдарына қызмет етіп келеді. Олардан кәсіби ерекшеліктеріне қарай заңдарды, елдің салтдәстүр, жөн жоралғыларын жақсы біліп қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, қабілетімен ғана емес, жеке бастарының қадір қасиетімен де үлгі өнеге көрсете білуі талап етіледі. Мемлекеттік биліктің жоғары лауазым иелері  судьялар бүгінде өздеріне берілген зор құзыреттілікті адал атқара отырып, моральдық адамгершілік келбетіне қылау түсірмес үшін белгілі бір шектеулер мен міндеттемелерді де жауапкершілігіне алған. Судья әдебінің кодексі кәсіби әдеп өлшемдерінің жиынтығы ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда және соттан тыс қызметтегі мінез құлықтың судья үшін міндетті қағидаларын белгілей отырып, сот және судья әдебі нормаларын бұзу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықтың кәсіби әдептік стандартын айқындайды. Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы алатын орны маңызды. Олар өз қызметі арқылы азаматтардың бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын, елдің заңдарын құрметтеу сезімін қалыптастырып, заңның үстемдік принципін орнықтыруға тиіс.

Сонымен қатар, қандай жағдайда болсын сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауға және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болып, кәсіби беделі күмән тудырмайтындай мінез-құлықты ұстануы қажет. Қоғамдық пікір, судья қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс. Яғни Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов мырза атап өткендей “Судья  абыройлы лауазым. Кез-келген заңгердің ең биік шыңы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заңдылықты жоғары  деңгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны «сөйлейтін заң» деп жайдан-жай айтпаса керек” деуі бекер емес. Судьяларымыз жыл өткен сайын шыңдалып, сот айнасына айналуда.

Ең бастысы, қазыларымыз ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайту үшін қажетті шараларды жүзеге асыруы қажет. Бұдан халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам  ең дамыған, ең тұрақты қоғам құру қажеттілігі туындайды. Біздің мақсатымыз да дәл сондай қоғам құру болып табылады. Осы орайда судьяларымыз қоғам айнасы екенін ұмытпауымыз керек.  

Айгүл Маликова,

Алматы қаласы Медеу аудандық 2 сотының төрағасы

Байланысты жаналықтар

Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

24.10.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024

Әскерлердің кәсіби дайындығын жақсарту басты назарда

24.09.2024

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

16.09.2024

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

05.08.2024
MalimBlocks
Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

Абай облысының әкімі осы жолы да рейтингте көш бастап тұр

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады

Әскерлердің кәсіби дайындығын жақсарту басты назарда

Президент жүктеген міндет. Қорғаныс саласындағы нәтижелі қадамдар

Заңның қатаң сақталуы, оны қадағалау, темірдей тәртіпке бағыну сынды ерекше міндеттер жүктелді

Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.