Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда мектеп оқушысын бір топ жеткіншек соққыға жықты

Оқиға
Ақтауда мектеп оқушысын бір топ жеткіншек соққыға жықты

Қатты соққыдан 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Оқиға дүйсенбі күні болған.

9-сынып оқушысы мектептен шығып, үйіне бара жатқанда қарсы сыныптың үш оқушысы оны таяқтың астына алған. Кастетпен ұрып, жабылып тепкен. Салдарынан жасөспірім орташа ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа, есін біледі. Ем қабылдап жатыр. 
Осы оқиға бойынша жасөспірімнің ата-анасы полицияға шағымданған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер анықталған.

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалып жатыр. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады, — делінген хабарламада. 

Фото: видеодан скриншот   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу