Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бірнеше рет пара алған қарағандылық шенеуніктер сотталды

Оқиға
Бірнеше рет пара алған қарағандылық шенеуніктер сотталды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты жемқорлық қылмысқа барғаны үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

Сот актісі заңды күшіне енді.ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, - делінген хабарламада.

Фото: Malim.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу