Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелу үшін арнайы концерт берді

Сабина Асқарқызы

  • 14.11.2024

Семейлік дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев толассыз 100 ән орындап Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті, деп хабарлайды Malim.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Кәрменовтың шәкірті жылдар бойы таңды таңға асырып, қазақ әндерін тоқтамай шырқап жаттыққан.

Мәдениет саласының үздігі дәстүрлі ән өнерінің 5 мектебіне енетін шығармаларды түгел жатқа біледі.

Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелуге жолдама ретінде арнайы концерт берді. Артынша әлемдік рекордтарды тіркейтін ұйымның өкілдігіне өтініш жолдамақ. Осылайша, ұлттық мұраның тізгінін ұстаған талант иесі төл мәдениетіміздің ерекшелігін әлемге насихаттауды көздейді.

"Ата бабамыз ол кезде Гиннес рекорды жоқ қой, таңды атырып, тойдың басында отырып ән айтқан, жыр айтқан ғой. Сондықтан мен ештеңе ойдан шығарған жоқпын. Мақтанатын ештеңем жоқ. Мен қазақтың кезінде ұмытылып қалған дәстүрін жаңғыртамын. 100 әнді орындау білесіздер, 3 минуттан салғанның өзінде 7 сағат орындалады. Арасында әңгіме құратын болсақ, 10 сағатқа дейін кетіп қалуы мүмкін", - деді дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген