457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

Қазір ол үйіне қайтайын деп жатыр

Шымкентте жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ол қатты қан кетіп, 3-дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен.

Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді, деп жазды министрлік.

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілген. Сөйтіп, дәрігерлер бригадасы үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалған.

Қазір босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және олар үйіне қайтайын деп жатыр.

Фото: скриншот